- Пəленшенің тойы керемет өтіпті... – Сен оны қайдан көрдің? – «Инстаграмнан». – Ал, мен «фейсбуктен» қарағанмын. Иə, расында да əлеуметтік желі арқылы кімнің жеке өмірінде қандай жағдай болып жатқандығын біліп отыра- тын заман болды. Поляк жазушысы Януш Вишневский өзінің «Желідегі жалғыздық» деп аталатын романында «Ғаламтор адамдарды жақындатпайды. Ол – жалғыздықтардың жиынтығы. Былай қарасаң, бəріміз бірге секілдіміз. Бірақ, бəрібір жалғызбыз» деп жазады. Бұл да бір шындық. Интернетке уақытымыздың көбі жұмсалады. Осыдан біршама жыл бұрын Қазақстанда ресейлік «Мой мир» əлеуметтік желісінің дəурені жүрді. Ғаламторға қолы жеткен жұрттың бəрі сонда суреттерін орналастырып, «агентте» тілдесіп отырушы еді. Ал, қазір жасөспірімдер «В контакте» мен «Одноклассникиге», үлкендер жағы «Фейсбукке» көшті. Əлдекімді былайғы өмірде ұшырас тыра алмай жүрген болсаңыз, алаңдауыңызға еш негіз жоқ. Бірден əлеуметтік желіге кіріңіз, іздеген адамыңыз алдыңыздан шығады. Ғалымды да, ақынды да, саясаткерді де, əншіні де, барлығын сол жақтан табуға болады. Пікірлессең де, сын айтсаң да, мақтағың келсе де, бəрі сенің виртуалды «досың», бəрі де қолжетімді. Сол қолданушыларға əлеуметтік желілер қалай қызмет етіп жатыр? Бұл – бөлек əңгіме. Бір қолданушылар желіде үнемі тек игілікті хабар мен адамдарды ізгілікке шақыратын жазбалар жазып отырады. Дұрыс-ақ... Мəселен, белгілі жырау, фольклортанушы Берік Жүсіпов өз парақшасында танымдық дүниелерді көп жариялайды. Жырау қазірге дейін «Фейсбук» бетінде қазақтың фольклоры, тарихы мен өнеріне, мақал-мəтелдеріне, пайым- дарына қатысты бірталай пайдалы жазба жазып үлгерді. Ондай қолданушыларды іздеп жүріп оқуға болады. Сондай-ақ, аталмыш желіде əркімнің балағына бір жармасып, орынсыз сөйлеп, бейəдеп пікір жазып, тасадан тас атушы қолданушылар да жоқ емес. Мұндайлар əдетте жасырып немесе бүркеншік атпен тіркеледі. Желіге өз суретін орналастырудан қашқақтайды. Шын бейнеңді ешкім көріп тұрмаған соң, отырып алып ойқастай беру де оңай емес пе... Жалпы, біреуді жамандау, өзгелерге ақыл айту – əлеуметтік желідегі ең оңай дүние. Баяғы дархан көңіл тарылған ба екен, қазір біз бол- машы нəрседен мейірім іздейтін болдық. Ғаламторда жолдан өте алмай тұрған əлдебір қарияны жолдың арғы жағына жетелеген бала туралы видеоны көрсек елжіреп кетеміз. Біреулердің махаббатта жолы болмай жүргенін баяндаған мұңға толы жазбасын оқып, оған кеңес береміз. Қарияға қолұшын созған балақайға «Əп, бəрекелді!» дейміз. Бірақ… Осының бəрі де виртуалды əлемде, шынайы өмірден алыс мекенде жүзеге асып жатады Жаныңда жүрмеген соң, жанашырлық жоқ деген осыдан шығады. Жалаң пікірлер мен сөздер адамға шынайы өмірдегідей жылу сыйламасы анық-ау. Ғаламторда «дос» болғаның, пікір алмасқаның ол жанмен былайғы өмірде де солай етене араласасың деген сөз емес. Осы тақырыпқа қатысты «Əлеуметтік желінің «бай- лаулы баспағы» болған заман» деп, республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіптің айтқан сөзі бар. Ащы болса да шындық айтылған. Бұл желілердің күнделікті қоғамда жылдам ақпарат алуға септігі мол. Сайттардан іздегеніңізді тауып оқи қоясыз. Дейтұрғанмен, газетке жете қоймас. Өйткені, газетте тіл тазалығы бар. Тіл демекші, əлеуметтік желі арқылы сөйлесіп отырған екі адамның əңгімесін оқысаңыз, тіпті күлкіңіз келеді. Ол күлкі ызаның күлкісі, əрине... Себебі, небір жаргон сөздер кездесетіні жасырын емес. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ұялы телефон мен интернет адамға тек көмекші құралы ғана болуы тиіс... Олай болса, əлеуметтік желіде отырамыз деп, ал- тындай уақытымызды, бай тілімізді, жақын жандарымызды жоғалтып алмайық! Ойланып жүріп, кеш қалмайық! Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

Теги:

Теги других блогов: