Бойжеткен. Үйлену мақсатымен танысқан жігітке, ата-анаң қарсы болса... Әке-шешесі мен үйленуге ниеттенген жігіті ортасындағы талғам көптеген қыздардың басынан өткен. Әрі бұл талғамда қиналғандары да белгілі. Ата-анасын таңдаса сүйген жігітін қия алмайды, ал жігітіне таңдау жасаса ата-анасының жүрегін жаралап, көңілдерін қалдырудан, опасыз ұрпақ атанудан қорқады. Бірақ осындай талғам басына түскен бойжеткендердің басым көбі өз ата-анасын таңдайды екен. Мамандардың пікірінше, бұлай талғам жасау қате. Себебі, біріншіден, салыстырмалы түрде айтқанда әке-шешеміздің бізбен бірге бола алатын уақыты қысқа. Тіпті ата-анаңның айтқанын тыңдап басқа бір жігітпен тұрмыс құрсаң да, бәрібір ата-анаңның қасынан алыстап кетесің. Ал, олар табиғат заңы, уақыт заңымен қартайып, өз жайлы орындарын табатын болады. Ал сүйген жар өле-өлгенше сенің қасыңда, өзіңмен бірге болатын адам. Сондықтан, талғамды дұрыс жасау керек. Екіншіден, шындығын айтар болсақ, ата-анамыздың не үшін бізді осылай талғам жасауға итермелейтінін білеміз. Бірақ қолбасшы бұйрығының барлығы дұрыс болуы екіталай, яғни, ата-анаңның жақсы көңілімен қате талғам жасауы да әбден мүмкін. Ниеттенген жігітің қандай адам, екеуің бірге өмір сүре аласыңдар ма, бір-біріңе үйлесім табуларың қиын ба, ол жағы сенің ата-анаңа емес, қайта саған ғана мәлім. Өйткені, оған үміт силадың. Әке-шешеңнің оған көңілінің толу-толмауы маңызды емес, маңыздысы сен, сенің оған көңіліңнің толу-толмауы. Ата-ананың сендердің некелеріңе қосылмауының мынадай себебтері болады: Аралық тым шалғай. Бейтаныс жер. Қызының алыс жерге барып жәбір-жапа шегуінен алаңдайды. Оның үстіне төркіндеп келуі де қолайсыз. Енді ойланып көріңіз, бұл қай заман, қандай дәуір. «Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған» заман емес пе? Ең бастысы өмірлік жар болатын адамды дұрыс таңдау. Жақсы жігіттер көп, бірақ, дәл ол сияқты жанды табуың өте қиын. Егер сен тек ата-анаңның көңілін ауыртпау үшін, опасыз қыз атанбау үшін сол жігітпен қоштаспақ болсаң, бұл талғамның дұрыс емес екенін үлкендерге түсіндіру керек. Сәтсіз махаббаттың жігіт жүрегіне де қанжардай қадалып, оның да өмірін күлге айналдыруың мүмкін. Психологиялық сынақтар жайлы. Психолог студент қызды (күйеуге шыққан) тақтаға шығарады. Одан өмірдегі ең жақын адамдарының аттарын жазуды сұрайды. Қыз бәрін тізіп жазады. Әлемде үлкен апат болып бұл адамдардан рет-ретімен айрылудың кезі келеді. Енді қыз сол ретті таңдауы керек. Қыз бәрін бір-бірлеп өшіріп шығады да, ең соңында ата-анасы мен күйеуі ғана қалады. Ол жылап тұрып күйеуін ғана қалдырып, ата-анасын да өшіреді. Ұстазы одан: «Ата-анаң саған өмір сыйлады, сені мәпелеп бағып-қақты, бірақ оларды сақтап қалмағаның қалай?» деп сұрайды. Қыз: «Дұрыс айтасыз, менің оларға деген махаббатым шексіз, бірақ, менің қасымда менімен мәңгі бірге болатын адам тек қана менің күйеуім» деп жауап берген.Өмірге келуің сенің тағдырыңда жазылған жəне мүмкіндік берілген. Ал осы өмірге талпыну, оның жарқын жағына қол созу тек сенің дұрыс шешім жасауыңмен ғана байланысты. Дұрыс талдау жасай алмасаң өкінішпен өтуің мүмкін. Өзіңді Алла разылығы үшін силайтын адамдардан айрылып қалма және өзің силайтын адамды тастап кетпе.

Теги:

Теги других блогов: